Батыс Қазақстанда індет өршіп барады

18.06.2020

Батыс Қазақстанда індет өршіп барады. Бүгінде өңірде қатерлі инфекция жұқтырғандар саны мыңнан асты. Кеселге шалдығып, ауруханаға жатқызылғандар қатарында бүтін отбасылар да бар. Стационарларда орын жетпей жатыр. Әрі медициналық қызметкерлер тапшы. Облыстық инфекциялық аурухана басшысы қызметінен кеткен. Денсаулық сақтау басқармасының басшысының айтуынша, ол жұмыстан өз еркімен кеткен.

 Инфекциялық стационарлар лық толы, сондықтан қалалық көпбейінді ауруханадан қосымша орындар әзірленген. Алайда бұл аздық етуі мүмкін. Әрі маман тапшылығын шешу де күрделі мәселеге айналып барады. Облыс әкімі Ғали Есқалиев батысқазақстандарға Үндеуінде індет бәсеңдемесе, дәрігерлерсіз қалу қаупі барын айтты. Сондықтан жеке секторда жұмыс істейтін медициналық қызметкерлердің көмегі қажет.

Бейне АБАУОВ


Хабарламаларға жазылу