Коронавирус пандемиясы салдарынан шығынға батқан зәулім сарай иелері өз иеліктерін сатуға шығарып жатыр. Себебі мұндай салтанатты ғимараттардың негізгі табыс көзі мерекелік іс-шаралардан құралады.
Мамандардың есебіне сүйенсек, 2020 жыл басталғалы бері бұл сала өкілдері өздерінің 40-80 пайыз табысынан айырылып отыр.
«Жүздеген адам шақырып, миллиондаған қаржыға мерекелік кеш жасайтын тұлғалар саны азайғандықтан осындай шығынға батып отырмыз»,- дейді кәсіпкерлер.
2019 жылдың соңында сатылымға шыққан сарайлар саны мыңнан асса, дәл қазір бұл көрсеткіш екі есеге ұлғайған. Сонымен қатар, әлемдік пандемия мен дағдарыс салдарынан ғимарат иелері өз иеліктерін ең төмен бағада сатуға мәжбүр болуда.
Lenta