Екі ел арасындағы шекараның даулы бөлігінде болған қақтығыс салдарынан кем дегенде 20 адам қайтыс болған. Сарапшылардың айтуынша, мұндай жағдай соңғы 45 жылда алғаш рет орын алып отыр.
Жалпы Қытай мен Үндістан арасындағы ең ірі шекаралық дау 1962 жылы қысқа мерзімді соғысқа айналып, үндістандықтар жеңіліс тапқан болатын.
Үндістан үкіметінің мәліметінше қарулы қақтығыс салдарынан 20 адам көз жұмған және ауыр жарақат алғандар бар. Ал Бейжің тарапы Қытай әскері арасында шығын жоқ дейді. Қос мемлекет те бір-бірін шекараны бұзды деп айыптап отыр.
ВВС