Басты Жаңалықтар 6 жыл бұрын ашылған асфальт зауыты бүгінде алып кәсіпорынға айналды

6 жыл бұрын ашылған асфальт зауыты бүгінде алып кәсіпорынға айналды

Маңғыстауда 6 жыл бұрын 100 пайыз мемлекеттің қолдауымен ашылған асфальт зауыты бүгінде алып кәсіпорынға айналды. Айына 40 мың тонна өнім шығарып, аймақтың сұранысын қамтып отыр. Кәсіпорын төтенше жағдай кезінде де өндірісті бір сәтке тоқтатқан жоқ. 

Зауытта жұмыс қызу. Қондырғы сағат сайын 160 тонна өнім шығаруда. Асфальттың құрамы, шикізат мөлшері компьютермен бақыланады. Дайын өнім бірден жүк көліктеріне тиелуде. Өйткені, материал бас-аяғы 6 сағаттың ішінде жолға төселуі тиіс. Әйтпесе, жарамсыз боп қалады.Осы процесті қадағалап отыратын маманның бірі Аманжол Шақтыбаев.

Кәсіпорынға үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында мемлекеттен қаржылай қолдау көрсетіліп, арнайы экономикалық аймақтан жер берілді. Қажетті шикізаттың барлығы өңірде өндіріледі. Өндіріс орнында 32 адам жұмыс істейді. Тапсырысты уақытылы орындау үшін олар демалыссыз екі ауысыммен күні-түні еңбек етуде.

Өнім сұранысқа ие. Қазірдің өзінде облыстан 2021 жылға тапсырыс қабылданған. Кәсіпорын басшылығы сұраныс болса, өзге аймақтарда да зауыт ашуды көздеп отыр.

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ


Бөлісу