БҚО бюджеті 500 млн теңгеге үнемделеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО бюджеті 500 млн теңгеге үнемделеді

18.02.2019

Батыс Қазақстанда жыл сайынғы шығындардан 500 млн теңге үнемделіп, жағдайы төмен отбасыларға көмек берілмек. Өңірде 12 мыңнан астам көпбалалы жанұя тіркелген. Соңғы екі аптада 2 мыңнан астам тұрғынның өтініштері қаралған. Олардың дені - көпбалалы аналар. Тұрғындар баспана, жұмыспен қамту, білім беру секілді мәселелерді көтерген.

Осы сұрақтарға сараптама жасау үшін өңірде жұмыс тобы құрылды. Telegram желісінен бірыңғай дерек базасын құру мақсатымен «Онлайн отбасы» каналы ашылды.

Алтай Көлгінов, Батыс Қазақстан облысының әкімі:

- Жергілікті бюджеттен 500 млн теңге үнемдеп, осы қолдауды көпбалалы отбасыларға жұмсайтын боламыз. Бүкіл мәселелерді, сұрақтарды талдап алып, қайсысына бөлетінімізді айтамыз. Енді үй мәселесі шешімін тауып келеді. Арендалық үйлерді біз көбейтіп жатырмыз. Жергілікті бюджеттен, республикалық бюджеттен «Нұрлы жер» бағдарламасымен.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу