Елімізде тағы 4 адам коронавирустан көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде тағы 4 адам коронавирустан көз жұмды

16.06.2020

Ақтөбе қаласында коронавирус инфекциясынан алғаш өлім жағдайы тіркелді. 65 жастағы жергілікті тұрғын маусым айының басында ауырған. Алдымен 4 күн үйінде жатып, тыныс алуы ауырлағасын дәрігерлерді шақырған. Өңірде індет жұқтырғандар саны 685-ке жетті. Оның 147-сінен аурудың симптомсыз түрі анықталып отыр.

Ал Павлодар облысында індеттен көз жұмғандар саны он үшке жетті. Соңғы дерек Екібастұз қаласында тіркелді. 66 жастағы тұрғын қан қысымы жоғары болуы себепті диспансерлік есепте тұрған. Дене қызуы көтеріліп, қатты жөтелмен түскендіктен бірден инфекциялық бөлімшеге жатқызылып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Бірақ екі күннен соң бақилық болды. Қазір аймақ қайтыс болғандар саны бойынша Нұр-Сұлтан қаласынан кейін екінші тұр. Ал Алматы қаласында вирустан қайтыс болғандар саны 12-ге жетті. Өткен тәулікте шахарда 1964 жылғы ер адам және 1971 жылы туған әйел індеттен көз жұмды.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу