Түркістан облысында тауға демалуға барған оқушылар адасып, біреуі құздан құлап мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында тауға демалуға барған оқушылар адасып, біреуі құздан құлап мерт болды

16.06.2020

Түркістан облысында тауға демалысқа барған мектеп оқушысы құздан құлапмерт болды. 17 жасар жасөспірімнің денесі түнгі сағат 02:00 шамасында табылды. Ал оның қасында болған екі оқушының біреуін құтқарушылар бүгін таңға жуық тау-тастан əрең түсіріп алды. Екінші баланы құтқарып қалу үшін мамандар жанталасып жатыр.

Құтқару шарасына төтенше жағдай қызметінің 11 техникасы мен 33 қызметкері жұмылдырылды. 

Сарыағаш ауданы Ақжар ауылындағы мектептің 10-сыныбында оқитын 22 бала тəлімгерімен Біркөлік шатқалына демалуға кеше барған. Үш жасөспірім тау жотасына өрмелеген топтан озып, шыңның ұшар басына көтерілген. Қайтар жолда ымырт түсіп, жолдан адасып кеткен. Таудан төмен түскен өзге балалар сыныптастары келмеген соң құтқарушыларға хабар берген. 

Ғани Қалмахан

Хабарламаларға жазылу