Осы аптада Қ.Тоқаевтың Президент қызметіне кіріскеніне 1 жыл толды.
Жазылып жатқан мақалаларды парақтасақ, сарапшылар бірнеше ірі проблеманы тізіп, Президенттің реакциясын, тапсырмаларын және олардың орындалу деңгейін санамалайды:
1. Коронавирус пандемиясы;
2. Мақтаарал ауданындағы су басу;
3. Қордайдағы текетірес;
4. Bek Air ұшағының апатқа ұшырауы;
5. Теңіз кенішіндегі жұмысшылардың наразылығы;
6. Арыстағы қару-жарақ қоймаларының жарылып, қаланың быт-шыты шығуы;
Бірден айтайық, Арысты қалпына келтіруге 56,1 миллиард теңге құйылып, 7634 үй қалпына келтірілді, 500-дей ғимарат қайта салынды. Кінәлілерді анықтау мақсатында Шымкентте сот процесі де басталды. Дегенмен уақыт өлшеміне сала алмайтын дүниелер бар.
«Еститін мемлекет» позициясының айтылып, осы қағидамен жүру ниетінің білдірілуі, плюрализмнің жандануы қоғам мүшелерінің «абайлап оптимизм» білдіруіне жол ашқандай.
Альбина ӘШІМ