Көкшетауда тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту аясында жүргізілген жөндеу жұмыстары сапасыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту аясында жүргізілген жөндеу жұмыстары сапасыз

12.06.2020

Көкшетауда тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында жүргізілген жөндеу жұмыстары сапасыз, шала-шарпы. Бұл — атқарылған іске тұрғындардың берген бағасы. Олардың тарапынан шағым көп болғанымен, кем-кетікті түзейтін жауапты мекеме жоқ болып тұр.

Көкшетауда тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғыру бағдарламасына жауапты мемлекеттік мекеме жоқ. Тұрғын үй инспекциясы да, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі де атқарылған жұмысты қабылдамағандарын айтады.

Сондықтан кепілдік уақыты аяқталмаған нысандар бойынша ғана қайта жөндеуді талап етуге болады. Ал бағдарламаның операторы болып бекітілген мекеме бірнеше рет ауысқан. Соңғысының үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Ермек ЕЛБЕРГЕН


Хабарламаларға жазылу