Мешітте қарулы шабуыл жасаған қылмыскер 21 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мешітте қарулы шабуыл жасаған қылмыскер 21 жылға сотталды

12.06.2020
Мешітте қарулы шабуыл жасаған қылмыскер 21 жылға сотталды

2019 жылдың 10 тамызында Норвегияның Осло қаласындағы «Әл-Нұр» мешітіне басып кіріп, автоматтан оқ жаудырған 22 жастағы Филип Мансхаусқа қатысты сот үкімі шықты. Мешіттегі атыс салдарынан үш адамның және өз үйінде өгей қарындасының өліміне кінәлі деп танылған қылмыскер 21 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тергеу барысында Мансхаус жасаған қылмысын мойындап, тіпті бұдан да көп адамды өлтіруге дайын болғанын айтқан. Ұзаққа созылған тергеу амалдары нәтижесінде, оның ғаламтор арқылы неонацистік топтармен байланыста болғанын, мұндай қылмысқа баруына 2019 жылдың наурыз айында Жаңа Зеландияда дәл осындай мешітке қарулы шабуыл жасаған Брентон Тарранттың әрекеті себепкер болғанын жеткізген.

Судья Анника Линдстрем қылмыскер жазасын оқу барысында ол адамдардың өлімі үшін ғана емес, нәсілдік соғысқа итермелейтін пиғылы үшін де ұзақ уақытқа сотталатынын айтты. Бұл Норвегия заңнамасына сәйкес ең ауыр жазалардың бірі болып табылады. Сондай-ақ, Филип Мансхаус қайтыс болған азаматтардың отбасына қаржылай өтемақы төлеуге міндеттеледі.

ВВС


Хабарламаларға жазылу