Əлемде коронавирус жұқтырғандар саны 7,3 миллионнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Əлемде коронавирус жұқтырғандар саны 7,3 миллионнан асты

11.06.2020

Əлемде коронавирус жұқтырғандар саны 7 миллион 300 мыңнан асты.

Сонымен қатар дауасы жоқ инфекциядан планета бойынша 416 мыңдай адам қайтыс болды. Мұны Джонс Хорпкинс университеті хабарлап отыр.

Covid-19 пандемиясы АҚШ-та әлі өршуін тоқтатқан жоқ. Құрама Штаттар оны жұқтырудан дүниежүзінде бірінші орында тұр. Мұнда жаңа вирус 2 миллион адамнан табылды. Ал құрбандар саны қыркүйекте 200 мыңға жетеді деген болжам бар.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу