Украина мен Еуропалық Одақ саммиті өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина мен Еуропалық Одақ саммиті өтеді

31.01.2023


Украина екі жылдың ішінде Еуропалық Одақтың құрамына алынуы тиіс. Мұндай жоспарды осы елдің Үкімет жетекшісі Денис Шмыгаль мәлімдеді. Бұған дейін Зеленский Украина ЕуроОдаққа мүше болуға құқылы екенін айтқан. Былтыр наурыз айында осы жөнінде өтініш ресми тіркелген. Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен Киевке терең трансформациялық процестерден өту керегін, мұны бірнеше айда жүзеге асыру мүмкін емес екенін айтқан еді. Еуропалық одаққа мүше болуға өтініш беру оңай болғанымен, оған қабылдану қиын. Сондықтан Киев бұл бағытта қарқынды жұмыс істеп жатыр. Қарулы қақтығыс басталғалы Украина бірнеше рет талпыныс жасады. Ал үшінші ақпанда Киевте Украина мен ЕуроОдақ саммиті жоспарланып отыр. Тараптар Украинаның Еуропалық Одаққа кіру мүмкіндіктерін сарапқа салмақ.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу