Түркістан облысында он айлық сәби коронавирустан жазылып шықты

10.06.2020

Түркістан облысында он айлық сәби коронавирустан жазылды. Ал Маңғыстау облысында дәрігер індетке шалдығып, Мұнайлы аудандық емханасы карантинге жабылды. Атыраудағы Қалалық сәулет және құрылыс бөлімі қызметкерінен де қатерлі инфекция табылып, мекеме қашықтан жұмыс істеу тәртібіне көшті.

Жетісайда он айлық сәби коронавирустан жазылып шықты. Бүлдіршін 21 мамыр күні туберкулез диогнозымен түскен. Бір күннен соң тест алынып, онда қатерлі вирус анықталды. Екі апта бойы ем дом жасалып, баланың беті бері қарады. Жалпы, Түркістан облысында 265 адам аурудан айыққан.

Талдықорғандағы облыстық сот ғимараты карантинге жабылды. Қаралатын істер кейінге шегерілді. Сот ғимараты дезинфекциялық өңдеуден өтіп, мамандар қашықтықтан жұмыс істеуге көшті.

Солтүстік Қазақстан облысында 14 жасқа толмаған екі бала коронавирус жұқтырғаны анықталды. Олар дертке шалдыққандармен байланыста болған. Жалпы, өңір бойынша дерт жұқтырғандар саны 72-ге жетті. Оның 7-еуі соңғы тәулікте тіркелді.

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу