Степногорда өрттен 5 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Степногорда өрттен 5 адам қайтыс болды

10.06.2020

Ақмола облысының Степногорск қаласында өрттен 5 адам көз жұмды. Оның екеуі - бала. Түнде қала сыртындағы саяжай үйі жанып кеткен.

Қайтыс болғандардың 4-уі - бір отбасының мүшелері. Саяжай иесі 1955 жылғы әйел, оның 1976 жылы туған баласы мен 7 және 5 жастағы немерелері. Тағы бір адамның кім екені анықталып жатыр.

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу