КХДР Оңтүстік Кореямен байланысты үзді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

КХДР Оңтүстік Кореямен байланысты үзді

09.06.2020
КХДР Оңтүстік Кореямен байланысты үзді

КХДР Оңтүстік Кореямен барлық келіссөздерді тоқтатып, байланысты үзуде. Бұл туралы солтүстіккореялық Орталық телеграф агенттігі хабарлауда. Солтүстік Корея басшылығының айтуынша, оңтүстіктегі «әріптестері» екі ел арасындағы келісімдерді соңғы нүктеге әкелген.

«Оңтүстік Корея билігімен бір үстел басында отырып, екіжақты мәселелерді талқылауды әрі қарай жалғастыру мүмкін емес. Сондай-ақ, сатқындар мен жаулардың алдын алу үшін Оңтүстік Кореямен барлық коммуникациялық байланыс жолдары үзіледі»,- делінген агенттіктің хабарламасында.

Осыған орай 9 маусымнан бастап екі ел арасындағы барлық қарым-қатынас тоқтайды делінген мәлімдеме соңында.

Корей Республикасының қорғаныс министрлігі өкілінің мәліметінше, бүгін таңертеңнен бастап солтүстіккореялық әскерилер арнайы байланыс желісі арқылы да хабарламаларға жауап беруді доғарған. Сондай-ақ, халықаралық кемелер арқылы байланысқа шығу да мүмкін болмай қалған көрінеді.

РИА


Хабарламаларға жазылу