Сұлутөбе ауылының халқы «Көксу» каналының арнасын қазуға қарсы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сұлутөбе ауылының халқы «Көксу» каналының арнасын қазуға қарсы

08.06.2020

Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылының халқы «Көксу» каналының арнасын қазуға қарсылық білдіруде. Ұзақ жылдардан бері судан тарығып келген елді мекен тұрғындары бұл жоба мәселені түбегейлі шешпейтінін айтады. Алайда, көптің наразылығына қарамастан жоба мақұлданып, бүгінде 90 миллионнан астам қаржы бөлініп қойған.  

Осыдан жиырма жыл бұрын да Сұлутөбеге Сырдариядан канал қазылған. Бірақ ел-жұрт оның игілігін көре алмады. Арнасын қанша тазартқанымен қайыр басып қала берген. Сондықтан бұрынғы жобаға ұқсас бастамаға тұрғындар қарсылық білдіргенімен, ештеңе өзгерте алмайтындарын айтады ауыл әкімі.

Ал жобаны қайта қарап өзгерту облыстық табиғи ресурстар басқармасының құзырында. Әзірге, «Көксу» арнасын қазу жұмыстары басталған жоқ. Сондықтан көпшілік мемлекеттің 90 миллионы ертеңгі күні құмға сіңбей, ел игілігіне жарайтын жоба болғанын қалайды.

Әділбек СЕРІКҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу