Шетелден келетіндерге шектеулер азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелден келетіндерге шектеулер азайды

08.06.2020

Бас санитар дәрігердің қаулысына бірқатар өзгерістер енгізілді. Енді шетелден келген жолаушылардың қолдарында Covid-19 жоқ деген анықтамасы болса, олар еш кедергісіз үйіне барады. Ал анықтамасы болмаса, екі күн бақылауға алынып, тест тапсырады. Бірақ үй карантинінде отыру керек деген талап жоқ. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер мен Өзбекстаннан теміржол, теңіз өзен көлігі арқылы немесе машинамен келгендер міндетті түрде сауалнама толтырады. Одан соң коронавирусқа қарсы тест тапсырады. 

Сондай-ақ Қазақстан-Ресей әуе қатынасы 15-шілдеде ашылуы мүмкін. Бұл мәселе қазір талқыланып жатыр.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу