Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Шымкент қаласының аумағында карантин және шектеу шараларын ұзарту туралы қаулысы жарияланды.
Құжатқа сәйкес, карантин мен шектеу шаралары қала аумағында 8 маусымнан 22 маусымға дейін жалғасады.
- Тұрғындар қоғамдық орындар мен қалалық қоғамдық көліктерде және қызметі рұқсат етілген нысандарда бетпер делер мен қолғап киіп жүруі тиіс;
- Себепсіз қала ішінде еркін қозғалысты шектеу аталап етіледі;
- Бетпердесіз жолаушылар қоғамдық көліктерге отырғызылмайды;
- Базарлардың жұмыс уақыты сағат 06.00-ден сағат 19:00-ге дейін шектеледі;
- Қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты 23:00-ге дейін бекітілді;
- Сауда және ойын-сауық орталықтары мен оның аумағында орналасқан кинотеатрлар, балалардың ойын алаңдары, мұз алаңдары мен батут және фудкорттардың ашылуына әлі де тиым салынды;
- Шомылу мен демалыс орындарында адамдардың шоғырлануына жол бермеу бойынша шаралар қабылдау міндеттелді.