Армения премьері елдегі коронавирусқа қатысты ахуалдың неліктен күрделі екенін түсіндірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Армения премьері елдегі коронавирусқа қатысты ахуалдың неліктен күрделі екенін түсіндірді

07.06.2020
Армения премьері елдегі коронавирусқа қатысты ахуалдың неліктен күрделі екенін түсіндірді

Армения премьері елдегі коронавирусқа қатысты ахуалдың неліктен күрделі екенін түсіндірді

Ол ел аумағындағы жағдай алаңдаушылық тудырып отырғанын жеткізді.

«Елде эпидемиологиялық ахуал күрделіп келеді. Бұған бір ғана себеп бар - карантин талаптарын сақтамау. Арменияда бүгінде 200 адам медициналық көмек алу үшін кезекте тұр. Елдің медицина саласына айтарлықтай салмақ түсуде. Дер кезінде медкөмек ала алмай, қайтыс болып кеткен азаматтар да бар», - деді Никол Пашинян.

Премьер-министр егер эпидемиологиялық жағдай тұрақталмаса, елде карантин режимі қайта күшейтіліп, комменданттық сағат енгізілуі мүмкін екенін де мәлімдеді.

Оның айтуынша, карантин талаптарын бұзу фактілері туралы ақпараттар әлеуметтік желілерде көптеп жариялануда. Десе де премьер-министр тәртіп бұзған азаматтарды кемсітуге жол берілмейтінін жеткізді.

«Бұл - тек сол жандарға ғана емес, бәрімізге қатысты жағдай. Мен де коронавирус жұқтырдым. Демек, бір жерден қате жібердім деген сөз. Біздің мақсатымыз - адамдарды айыптау емес, мәселені тереңірек түсіну», - деді Пашинян.

Айта кетейік, Арманияда коронавирустың алдын алу үшін төтенше жағдай режимі 16 наурызда енгізілген еді. Алайда үкімет елдегі ахуалға байланысты ТЖ режимін 14 мамырға дейін, кейін 13 маусымға дейін ұзартты. 4 мамырдан бастап карантиндік шаралар жеңілдетіліп, бірнеше кәсіпорын жұмысын жандандырды. 18 мамырдан бастап қоғамдық көлік қатынасы, балабақшалар мен спортзалдар, қоғамдық тамақтану орындарының қызметі қалпына келтірілді.

Бүгінде Арменияда 13130 адам коронавирус жұқтырған. 200 науқас көз жұмған.

primeminister.am

Хабарламаларға жазылу