Көбелектер жойылып барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көбелектер жойылып барады

04.06.2020
Көбелектер жойылып барады

Әр 30 жыл сайын көбелек, шегіртке, құмырсқа сынды жәндіктердің саны 25-30 пайызға азайып жатыр. Ғалымдар осылай деп дабыл қағуда. Есесіне суда өмір сүретін жәндіктер саны 38 пайызға көбейген.

Ресейлік ғалымдардың айтуынша, құрлықта тіршілік ететін жәндіктердің, соның ішінде көбелектердің азаюы ірі қалаларда байқалады. Өйткені шаһарлар жасанды желекпен көмкерілгендіктен, олардың тіршілік ету ортасы жойылып барады. Сондай-ақ, олардың өсіп-өнуіне климаттың өзгеруі, ауыл шаруашылығының қарқынды дамуы, түрлі синтетикалық тыңайтқыштарды пайдалану да әсер етуде. «Мұндай қарқынмен жәндіктер 100 жылда мүлдем жойылып кетуі ықтимал», - дейді мамандар.

mk.ru

Хабарламаларға жазылу