Елордада техникалық қабатты пәтерге айналдырғандар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада техникалық қабатты пәтерге айналдырғандар анықталды

03.06.2020

Елордада техникалық қабатты пәтерге айналдырып, үйге заңсыз қоныстану фактісі анықталды. Бүгін редакцияға осындай шағыммен тұрғындар хабарласты. Көршілердің қауіпті жағдайда өмір сүріп жатқаны өз алдына, 2016 жылдан бері олардың коммуналдық шығынын біз төлеп жатқандарын айтады олар.

«Астана энергосбыт» мекемесі тек тұрғындардың шағымынан кейін ғана біліп отыр. Қазір осы 11 пәтердің шығынын рәсімдеуге кірісіп кетсе керек. Бастарын шайқап отырған жалғыз бұл мекеме емес, «Астана су арнасының» өкілдері де бұларды базадан таппады. Судың да сұрауы бар - заңгердің ендігі ісі осы болмақ.

Индустрия және инфрақұрылым министрлігіне мұндай шағым бұрын соңды түспесе керек. Дегенмен, бүл жүйенің бұлыңғыр екенінен мамандар хабардар. Мұндай жағдай Өскеменде тіркеліп, көпшілік тұрғын үйде орналасқан дүкеннің коммуналдық ақысын төлеп келгені белгілі. Пәтер иелері кооперативінің дүкен иесімен сыбайластығы дәлелденіп, 617 мың теңге тұрғындарға қайтарылады.

Министрліктің мәлімдеуінше, елде 80000-нан астам тұрғын үй бар. Алайда, 80 пайызының техникалық этажы, жертөле, коммерциялық обектілер, нысанның қожайындары туралы мәліметтер жоқ екенін айтады министрлік. Осындай жүйесіздікті пайдаланып жатқандарға бүгінгі оқиға дәлел. Мамандар мәселені жаңа заң реттейтініне сенімді.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу