Гётеборг қаласында жарылыстан 25 адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гётеборг қаласында жарылыстан 25 адам зардап шекті

28.09.2021

Швецияның Гётеборг қаласында көп қабатты тұрғын үйде жарылыс болып, 25 адам зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізілген. Жарылыстан от тұтанып, бірнеше пәтерге зақым келген. Ал, жақын маңда тұратын жүздеген адам қауіпсіз ауданға көшірілді. Әзірге, жарылыстың неден болғаны белгісіз. Қазір оқиға орнында полицейлер мен өрт сөндіру қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу