Шығыс Қазақстанда тендерге қатысты дау шешімін таппады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда тендерге қатысты дау шешімін таппады

03.06.2020

Екі күн бұрын Ұлттық арна эфирі арқылы Шығыс өңіріндегі кәсіпкерлер мемлекеттік сатып алу саласындағы заң бұзушылықтарға шағымданып, жоғары биліктен көмек сұраған еді. Бүгін аймақ басшысы осы мәселе бойынша облыстық жұмыс комиссиясы құрылғанын хабарлады. Комиссияның алғашқы отырысында жол-құрылыс және геология саласындағы мердігер компания басшылары биылғы тендер нәтижелеріне көңілі толмайтынын тағы бір айтты. Кәсіпкерлердің пікірінше, төтенше жағдайға байланысты мемлекеттік сатып алу ережелеріне еңгізілген арнайы тәртіпті атқарушы билік ыңғайына қарай икемдеп алған. Құрылған комиссия тендерге қатысты даулы мәселені жіті тексермек.

Бірақ, түс ауа кәсіпкерлер журналистерді қайта брифингке шақырып, мәлімдеме жасады. Олар мемлекеттік сатып алу саласындағы даулы мәселенің барлығын үкіметтік деңгейдегі комиссия қарағанын қалап отыр.

Берік КӨШЕРБАЙ


Хабарламаларға жазылу