Президент «Комсомольская правда» газетіне сұхбат берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент «Комсомольская правда» газетіне сұхбат берді

03.06.2020

Сауда саласында біріккенімізбен, мемлекет ретінде құрамына қосылмаймыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік басылымға сұхбат беріп, саяси астары бар маңызды сұрақтарға қатысты нақты ұстанымын жеткізді. Мәселен, Ресей мен Белорусьтің одақтас мемлекетіне қосылудың қисынға келмейтінін мәлімдеді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстың артып жатқанын атап өтті. Ресейден Қазақстанға тартылған тікелей инвестиция көлемі 15,7 миллиард долларды құраған. Екі жақты тауар айналымы былтыр 6,2% өсіп, 20 миллиард долларға жуықтаған. Қазақстанда 7 мыңнан астам ресейлік компания мен үш жарым мыңға жуық бірлескен кәсіпорындар табысты жұмыс істеп жатқанын айтты. Еліміз әрдайым көршілес мемлекеттердің барлығымен достық ниетте байланысты нығайтуға дайын екенін жеткізді.

 Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу