Қазақстан бірнеше халықаралық әуе бағытын қайта ашады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан бірнеше халықаралық әуе бағытын қайта ашады

03.06.2020

15 маусымнан кейін Қазақстан тағы бірқатар елге әуе рейстерін ашады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі хабарлады. Бейбіт Атамқұловтың сөзінше, таяуда ведомствоаралық комиссияның отырысы өтіп, онда 1 маусымнан бастап үш елге: Корея, Қытай және Әзербайджан елдеріне рейстерді ашу туралы шешім қабылданған. Себебі COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайға негізделген халықаралық рейтингте аталған елдер қауіпсіз мемлекеттердің тізіміне енген. 

Армангүл Тоқтамұрат

Хабарламаларға жазылу