Еліміздегі барлық блок бекеттер алынды

01.06.2020

Бүгіннен бастап кез келген бағытта қоғамдық және жеке көлікпен емін еркін жүруге болады. Жалпы карантин кезінде еліміз бойынша 400- ге жуық блок бекет орнатылған. Енді ол жерлердегі полиция және медицина қызметкерлері өздерінің негізгі жұмыстарына оралады.

Айналасы 30 минуттың ішінде бекеттегі блоктардың бірі қалмады. Енді бас қала мен басқа өңірлер арасындағы барыс-келіске еш бөгет жоқ.

78 күн томаға тұйық қалған тұрғындардың да қуанышында шек жоқ. Бірі басқа өңірдегі туысына асықса, енді бірі тұралап қалған кәсібінің қайта жанданатынына разы.

Күннің ыстығы мен түннің суығында шыбын шіркейге таланып карантин талаптарының сақталуын қорғаған дәрігерлер мен полициейлер де бекеттердің алынар күнін асыға күткендерін айтты.

Бекеттің алынуы карантин тоқтады деген сөз емес. Қала ішінде санитарлық талаптардың сақталуы әлі де қадағаланады. Эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлайтын болса кей елдімекендер қайта оқшаулануы әбден мүмкін.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу