Ертеңнен бастап қалааралық блокбекеттер ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертеңнен бастап қалааралық блокбекеттер ашылады

31.05.2020

Денсаулық сақтау министрлігі бүгін тағы адамның коронавирустан қайтыс болғанын хабарлады. Бірі Шымкент, екіншісі Павлодар облысында. Жалпы қайтыс болғандары саны 40-қа деп отыр. Ал кешкі жетідегі мәлімет бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 10858, 5220 адам жазылып шықты.

Бүгін Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ертеңнен бастап қалааралық блокбекеттердің ашылуына орай мәлімдеме жасады. Қауіп әрине, сейілген жоқ. Барлық сақтық шараларын сақтай беру керек деді ол. Осыған дейін елдегі 400 ден астам блокбекетте 52 мың полицейлер, құтқарушылар, әскерилер, медицина мамандары жұмыс істеп, қойылған тапсырманы орындады деп есептейді. Айта кететіні карантин кезінде елде қылмыс 26 процентке азайған. 78 күнге созылған карантин кезінде блокбекеттерде 3,2 млн көлік, 5 млн жолушы тексерілген.

Иә, мекемеаралық комиссияның шешімімен түнгі 12-ден бастап барлық блокбекеттер ашылады, Алматы мен Нұр-Сұлтанда бүгін қала шекарасындағы бекеттерде соңғы тексерулер жүрді.

Жазира ОРАЗҚЫЗЫ, Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу