Маңғыстауда қос қолымен қатар жазатын 10 жасар қыз тұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда қос қолымен қатар жазатын 10 жасар қыз тұрады

29.05.2020

Маңғыстауда қос қолымен қатар жазатын жеткіншек тұрады. Мұнайлы ауданының тұрғыны 10 жасар Ақтілек Мұратбаева әріптер мен сандарды теріс жазады. Сол себепті оның жазбасын тек айнамен қарап оқуға болады. Бұл жер шарындағы адамдардың тек 1 пайызында кездесетін сирек қабілет.

Ақтілек Мұратбаева 5 жасынан жаза бастаған. Бірақ бір қолымен емес, қос қолымен. Өзінің ерекше қабілетті екенін ол мектепке барғанда ғана түсінді. Жазуы бөлек оқушы бірден көзге түскен.

Қос қолмен жазуды ғылымда – амбидекстрия деп атайды. Яғни, екі қолдың қатар дамуы дегенді білдіреді.

Мұндай жағдай өте сирек кездеседі. Ондай адамдарда бас миындағы сол жақ мишық жақсы дамыған. Сондықтан олардың дамуында басқаларға қарағанда өзгешеліктер болады.

Ақтілектің ерекше қабілеті оның білім алуына еш кедергі емес. Жеткіншектің ерекше қабілетін дамытып, шыңдай түсу қажет. Алайда, аймақта мұндай балалармен жұмыс істейтін арнайы орталық жоқ. Сондықтан отбасы интернет арқылы Ақтілек тектес айрықша адамдардың тәжірибесіне сүйенбек.

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу