Цифрландыру кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетуі керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Цифрландыру кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетуі керек

21.11.2018

Цифрландыру кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетуі керек. Бүгін «Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласын дамыту перспективалары» атты жиында осы мәселе көтерілді. Жиын барысында Корей елінен келген сарапшы Қазақстандағы атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

Қазіргі уақытта 1 өтініш принципінде қызмет көрсету жобасы әзірленуде. Кәсіп ашқысы келгендер құжат шаруасымен әр мекеменің табылдырығын тоздырмайды. Өтініш берсе мемлекеттік органдар оған өздері хабарласатын болады. Бұл рұқсат алуға және бизнесті бастауға кететін мерзімді айтарлықтай қысқартады. Мәселен бұрын жарты жыл бұрын рәсімделетін құжаттар енді көп дегенде 3 айдың көлемінде дайын болады. 

Ильдар Үсімбаев, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаментінің директоры:

Қызмет көрсету мерзімін 2 есе жылдамдатсақ соны қанағат тұтып отырмауымыз керек. Мысалы, дәл сол мәселе өзге елде бірнеше күннің ішінде шешілуі мүмкін. Біз де солардың нәтижелерімен теңесуге тиіспіз. Қағазбастылықты азайтсақ жалпы кәсіпкерліктің дамуына қолдау болады. Оның үстіне Қазақстанның инвесторлар үшін маңыздылығы да артар еді. 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу