Ғасырға жуық бірге ғұмыр кешкен ерлі-зайыптылар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғасырға жуық бірге ғұмыр кешкен ерлі-зайыптылар

26.05.2020

Түркістан облысының Жетісай қаласында тұратын Орын ақсақал мен Гүлсім әженің некелескендеріне 80 жылға таяды. Олар елімізде ең ұзақ жасасып келе жатқан отбасылық жұп саналады. Қос қарияның да жасы биыл 100-ге келеді. Ғасырға жуық ғұмыр кешкен қариялардан тараған ұрпақтың өзі бүгінде 200-ден асқан.

Орын ақсақал шаңырағынан 20 қыз ұзатып, 28 келін түсіргенін әркез мақтанышпен айтады. Бүгінде екі ұлы мен келіні, олардан тараған екі немере мен кіші келіндер де бір шаңырақ астында тату тәтті күн кешіп жатыр. Өзгелері өз алдына бөлек шаңырақ.

Жасы ұлғайғанымен Орын ақсақал әлі тың. Қимылы ширақ. Әлі күнге тұлпар баптап, ат мінеді. Делебесі қозып, бәйге мен көкпар додасын тамашалауға да барып тұрады.

Сүйегі асыл қос қария бүгінде шөпшек сүйіп отыр. перзенттерінің өсіп-өнгенін көріп, марқайып отырған жайы бар.

  Ғани ҚАЛМАХАН 


Хабарламаларға жазылу