Президент бірнеше заң жобасына қол қойды

25.05.2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заң жобасына қол қойды. Оның ішінде саяси партиялар, сайлау және бейбіт шерулер туралы құжаттар бар. Мұндай өзгерістердің барлығын Президент сайлауалды бағдарламасында ұсынған.

Бейбіт шеру. Енді жиын өткізу үшін биліктен рұқсат алып қажет емес. Тек алдын ала ескерту жеткілікті. Заң жобасында мемлекеттің, ұйымдастырушылар мен қатысушылардың міндеттері мен құқықтары толық көрсетілді. Жиындар тек арнайы белгіленген орындарда өтеді.

Бұған қоса, партияларға мәжіліс және мәслихат депутаттарына кандидаттардың тізімін жасақтау кезінде әйелдер мен жастарға 30 пайыздық квота қарастыруды міндеттелді. Мұндай шешім кез келген мәселе бойынша қоғамның барлық тобының пікрін ескеру үшін маңызды. Сарапшылардың пікірінше әйелдер мен жастардың үлесі артқан сайын қабылданған саяси шешімдердің сапасы да арта түседі.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу