Ақтөбеде саудагерлер шу шығарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде саудагерлер шу шығарды

25.05.2020

Ақтөбелік саудагерлер шаһардағы ең ірі сауда орнының ашылуын талап етуде. «Қарызға белшеден баттық, отбасымызды асырау қиындап кетті»,- деген көпшілік жергілікті биліктен көмек сұрайды. Алайда, жауапты мекемелер мұндағы 3 мыңға жуық кәсіпкердің өтінішін орындау әзірге мүмкін емес екенін айтады.

Ал жауапты мекеме өкілдері вирусқа шалдыққандар саны азаймай, базарды ашпайтынын айтуда. Сондықтан кәсіпкерлердің жұмыс істеуіне қашан мүмкіндік берілетіні белгісіз. Әзірге әкімшілік 50 - 100 саудагердің жұмыс істеуіне мүмкіндік беру жағын қарастырып жатыр.

Әрине саудагерлерді бұл жауап қанағаттандырған жоқ. Енді олар қол жинап, өңір басшысынан араша сұрамақ. Егер мәселе 3-4 тәулікте шешілмесе, төзімі таусылған саудагерлер тауарларын көшеге шығарып сатуға бекініп отыр.

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу