Қызылордада провизорлық стационарда жатқан студенттерге әлімжеттік көрсеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада провизорлық стационарда жатқан студенттерге әлімжеттік көрсеткен

25.05.2020

Қызылордада провизорлық стационарда жатқан студенттерге әлімжеттік көрсетілді. Ресейден келіп, карантинге жатқызылған студенттердің ата-аналары осылай деп шу шығарды. Олар мекемеде тәртіп жоқ деп шағымданып, балаларының қауіпсіздігіне алаңдайтынын айтады. Бес қабатты ғимаратта көппен бірге жатқан жастарға түнгі уақытта бірнеше ер азамат маза бермей, әлімжеттік көрсетпек болған. Бұл жағдайды естіген бір топ ата-ана стационар алдына жиналып, балаларын шығаруды талап етуде. Олар полицияға арызданғанымен, тәртіп сақшыларына карантиндік нысанға кіруге рұқсат жоқ. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы аталған дерек бойынша мән-жайды анықтамақ. Айта кетейік, Мәскеу мен Санкт-Петербургтің оқу орындарында білім алып жатқан 50-ден аса студент кеше елге оралып, бақылауға алынған болатын.

Әділбек СЕРІКҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу