Марқакөл қорығын браконьерлерден қорғау мәселесі өзекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Марқакөл қорығын браконьерлерден қорғау мәселесі өзекті

24.05.2020

«Шығыстың бар ма сұлу Марқасындай, Жібек бауы есілер тарқатылмай»,- деп Марфуға ақын жырлаған Марқакөл еліміздің маржан көлдерінің бірі. Мамыр- маусым айларында майқан балығы Марқакөлге келіп құятын өзендерде уылдырық шаша бастайды. Қазір Марқакөл қорығының инспекторлары өзен-көлді браконьерлерден күні-түні күзетіп жатыр. Өйткені осы кезеңде уылдырық сығып алатындар аз емес. Бұл ускуч балығы еліміз бойынша тек Марқакөлде ғана бар. Оны браконьерлерден қорғау мәселесі өзекті. Сонымен қатар соңғы жылдары суқұзғын (баклан) құсы да көбейіп кеткен. Бір құс күніне 2-3 келі балық жейді. Қорық қызметкерлері осы құстың санын реттеу туралы талайдан бері айтып жүр, бірақ нәтиже жоқ. 

Берік КӨШЕРБАЙ


Хабарламаларға жазылу