Қалқаман ауылы тұрғындарының мәселесі шешілді

22.05.2020

Әкім кеңсесінің алдына апарып мал жайған Павлодар облысына қарасты Қалқаман ауылы тұрғындарының мәселесі шешілді. Осыдан екі күн бұрын Ұлттық арнадан жұрттың төрт түлікті таңғы өріске емес, амалсыз тура әкім кеңсесінің алдына айдап апарғаны жайлы бейнематериал шыққан болатын. Себебі жергілікті шаруа жайылымды жалға алып, көкөніс салып тастаған. Төңіректегі тоғанды да жекешелендіріп алған. Осы оқиғадан кейін іле комиссия құрылды.

Болат АМАНБАЕВ


Хабарламаларға жазылу