Мексикада коронавирусқа ұқсас бұршақ жауды

22.05.2020
Мексикада коронавирусқа ұқсас бұршақ жауды

Мексиканың Нуэво-Леон штатында коронавирусқа ұқсас ерекше бұршақ жауды. Жергілікті тұрғындар табиғи құбылыстың суретін әлеуметтік желілерге жариялады.

«Бұршақтың пішіні коронавирусты микроскоппен көргендегі бейнесіндей», - дейді көпшілік.

Дәл осындай бұршақ 19 мамырда Қытайдың Циндао қаласында да жауған.

Метеоролог мамандардың айтуынша, қатты дауыл кезінде бұршақтар бір-бірімен соқтығысқан сәтте осындай пішінге енеді екен.

gazeta.ru

Хабарламаларға жазылу