Сенат «Саяси партиялар» және «Сайлау» туралы заң жобасын мақұлдады
Қазақстанда партия құру процедурасы едәуір жеңілдейді. Бүгін Сенат «Саяси партиялар» және «Сайлау» туралы заң жобасын мақұлдады. Құжатқа сәйкес, саяси партияларды тіркеу үшін бұрынғыдай 40 мың емес, 20 мың мүшесінің болғаны жеткілікті. Бұған қоса, партияларды мәжіліс және мәслихат депутаттарына кандидаттардың тізімін жасақтау кезінде әйелдер мен жастарға 30 пайыздық квота қарастыруды міндеттейді. Қазақстанда 20-29 жас аралығындағы жастардың үлесі 3 миллион шамасында. Олардың тек 53-і ғана мәслихат депутаты. Яғни жастардың мәслихаттағы үлесі 1,5 пайыз. Депутаттардың есебінше әйелдер мен жастардың үлесі артқан сайын қабылданған саяси шешімдердің сапасы да арта түседі.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанда ірімшік пен сүзбе өндірісі 28%-ға артты
20.07.2026, 14:57
Жезқазғанда «Metallurg Fest» фестивалі өтті
19.07.2026, 21:00
Теміртауда Металлург күніне арналған концертке 65 мың адам жиналды
19.07.2026, 20:30
Баянауылда заманауи «Сарыарқа сыры» визит-орталығы ашылды
19.07.2026, 18:15
«Шәмші әндері» өнер фестивалі басталды
18.07.2026, 20:10
ӘЧ: Бүгін түнде Франция мен Англия командалары ойнайды
18.07.2026, 20:07
4 теміржол вокзалы қайта ашылды
18.07.2026, 20:07
Металлургтер жарты жылда 258 миллиард теңгенің өнімін өндірді
18.07.2026, 20:06