Елордадағы «Астана Опера» театры карантинге жабылды

21.05.2020

Өткен бір тәулікте елордада 84 адамнан жұқпалы індет анықталған. Солардың арасында «Астана Опера» театрының қызметкері де бар. Қазір мәдени ошақ карантинге жабылды. 11-мамырдан бастап театр қызметкерлерінің 30 пайызы жұмысқа келген. Қазір олардың барлығы қайта онлайн жүйеге көшіп, үйлеріне оқшауланды. Ғимаратқа санитарлық жұмыстар жүргізіп жатыр. Әрі өнерпаздарды таситын көліктер де залалсыздандырылады. 

Бүгін сондай-ақ, жұмысы жақында жанданған құрылыс нысаны қайта жабылды. Медициналық тексеріс кезінде инженерден коронавирус табылған. Содан кейін тестілеуден өткен 600-ден астам қызметкердің 63 -інен індет анықталған. Әрі жақында мейрамхана, дүкен, кафелердің көбі ашылған. Алайда, сантиарлық талапты сақтамаған олардың 25-і қайта жабылды. 150-і ескерту жасалды. Қазір Елордада 10 ғимарат карантинде. Вирусты жұқтырғандар саны 1400-ден асып кетті.

Сәуле АЛДАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу