«Kazsport» телеарнасы Астанада стритболдан өтетін Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Kazsport» телеарнасы Астанада стритболдан өтетін Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді

23.05.2016
«Kazsport» телеарнасы Астанада стритболдан өтетін Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді

Ойындар елордадағы «Астана Опера» театры ғимаратының алдында 1-5 маусым аралығында өтеді. 18 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Әлем біріншілігіне 30 елден 200-ден астам спортшы қатыспақ.

Ұлттық баскетбол федерациясының президенті Абай Алпамысовтың сөзінше, Қазақстан тарапы екі команданы даярлап отыр. Осы ретте соңғы жарты жылда қызу дайындық жүріп жатыр.

Қазақстан Ұлттық құрамасының ерлер құрамасы Румыния, Индонезия, Италия және Катар командаларымен «С» тобында күш сынасады. Ал, қыздар құрамасы «В» тобында Нидерланд, АҚШ, Италия, Польша командаларымен кездеседі.

Айта кетейік, «Kazsport» телеарнасы 1-5 маусым аралығында Астанада өтетін стритболдан Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу