Қытайда шөл дала оазиске айналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда шөл дала оазиске айналды

19.05.2020
Қытайда шөл дала оазиске айналды

Қытайдағы ең үлкен шөлдердің бірі жасыл алқапқа айналып, Шэнси провинциясының картасынан жойылды.

Аумағы 42 200 шаршы шақырымды қамтыған шөл даланың қазір 93,24 пайызы жасыл алқапқа айналған.

Алғашында бұл аумақта ағаш болмаған. Шөл аумағында орналасқан Юйлинь қаласының тұрғындары қатты жел мен құмды дауылдан талай зардап шеккендіктен, 1959 жылдан бастап бұл маңға ағаш еге бастаған. Осылайша 60 жылдан астам уақыт ішінде жасыл желек аумағын 400 шақырымға ұлғайтқан.   

Шэньси провинциясының орман шаруашылығы департаментінің хабарлауынша, осы уақыт аралығында Юйлин қаласында орман алқабы 0,9 пайыздан 34 пайызға өскен. Шөл даланы толық жасыл алқапқа айналдыру үшін әлі 30 мың гектар жерге ағаш отырғызу керек. 

Қазір жергілікті тұрғындар COVID-19 пандемиясы салдарынан жоғалқан уақыттың есесін қайтару үшін бар күшін салмақ. Олар мамыр айының соңына дейін 400 гектар құмды жерге ағаш отырғызуды жоспарлап отыр.

popmech.ru

Хабарламаларға жазылу