Пандемия. Білемін, Коронавирус деген сөз бен КОВИД-19 деген сөз жұрттың жүйкесіне тиіп бітті. Кет, кет-дегенге кетпеген дертпен дәрігерлеріміз күні-түні күресті. Адамзатқа келген ауруға қарсы күресте қара бастарын ойлап қалқада қалмаған ақ халаттыларға алғысымыз шексіз. Коронавирустан кейінгі әлем бұрынғыдай болмайды дегенді бүгінгілер көп айтып жүр. Рас па, жоқ па? Қарапайым адамдардың өмірі қалай өзгереді?
Маңызды мәліметтер айтылды, осылардың қорытындысы ретінде БҰҰ-ң бас хатшысы Антонио Гуттериштың мына сөзі ойға оралып тұр. Цитата: «Барлығымыз пандемияны жеңу жолында бірігіп қызмет етуіміз керек. Бұл дерт әлем халқына үлкен қайғы әкелді. Бірақ, адамзат коронавирустан кейінгі өмірді де назардан шығармай жоспар құруы шарт» деді. Аурудың азуы сынғанын аңғардық. Ендеше пандемиядан соң әлем қандай болады деген сауалға тапқан жауаптарымызды көпшілікке көрсетейік.
Еркін СЪЕЗҰЛЫ