«RBK» банкіне қатысты шешім қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«RBK» банкіне қатысты шешім қабылданды

07.11.2017

Бұл туралы бүгін Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді. Оның айтуынша, Үкімет Ұлттық банк пен «Қазақмыс» корпорациясымен бірлесіп «RBK»  банкіннің қызметін қалпына келтіруге қатысты кешенді шара әзірлеген. 

Сондай-ақ, банктегі ахуалды реттеу үшін инвесторлар 160 миллиард теңге бөледі. Данияр Ақышевтың айтуынша, Ұлттық банк басқармасы елдегі банк саласының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасы аясында «RBK» банкінің 240 миллиард теңге көлеміндегі өтінішін қарастырады. Осындай кешенді шаралардың нәтижесінде проблемалы банктегі ахуал реттелуі тиіс. 

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:

- Өтімділіктің түсуіне қарай жақын арада банк әлеуметтік тұрғыдан маңызды төлемдер бойынша, сондай-ақ, ұсақ және орта салымшылардың депозиттері бойынша міндеттемелерді орындай бастайды. Қазіргі кезде банкте жеке тұлғалар жалпы алғанда 28 139 шот ашып, 188 млрд. теңгеге салым салған. Соған байланысты мемлекет Ұлттық банк, Үкімет және квазимемлекеттік сектор қаражатының есебінен «RBK» -ға қолдау көрсету туралы шешім қабылдады.

Осы мәселеге қатысты еліміздің тәуелсіз сарапшылары пікір білдірді. Олар Үкімет пен Ұлттық банктің бұл қадамдарын «дер кезінде қабылданған шешім» деп отыр.

Хабарламаларға жазылу