Алматыда коронавируспен күресуге 1 миллиард 947 миллион теңге бөлінген. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Əбілдаев айтты.
Жергілікті бюджеттен 554 миллион теңге бөлінсе, қалғаны Үкіметтен қарастырылған.
1,3 миллиард теңгеге қорғаныс құралдары, антисептиктер мен дәрі-дәрмектер сатып алынған. 460 миллион теңге медицина қызметкерлерінің жүріп-тұруына, тамақтануына, 114 миллионнан астам қаржы костюм, респиратор және тепловизор сатып алуға жұмсалған.
Нұрхан Нұрланұлы