Оралда күрделі жөндеуден өткен жол жарамсыз болып шықты

14.05.2020

Орал қаласында күрделі жөндеуден өткен жол жыл өтпей жатып жарамсыз күйге түсті. Бұған себеп құрылыстың сапасыз жүргізілуі. Іргелі жобадағы кем-кетікті уақытында анықтауға азаматтық белсенді мен «Адалдық алаңы – сапалы жол» жобасы себепкер болды.

Былтыр Молдағұлова көшесі бастан-аяқ жөнделді. 700 миллион теңге кеткен. Қыруар қаржы жұмсалса да жұмыс сапасыз жасалыпты. Кей жерлерде бетон ыдыраған, ойыстар пайда болған. Сондай-ақ суағарлар салынбаған, жол жиектері де оңбай тұр.

Рауан ДИӘЛИ


Хабарламаларға жазылу