Шығыс Қазақстанда 16 мамырдан бастап бірқатар шектеулер алынады

14.05.2020

Шығыс Қазақстанда 16 мамырдан бастап бірқатар шектеулер алынады. Нақтырақ айтсақ, тұрғындардың далаға тек рұқсатнамамен шығуына және көлік қозғалысына қатысты шектеулер тегіс күшін жояды. Аумағы 2000 шаршы метрге дейінгі көтерме сауда орындарының жұмысы жанданады. Қонақүйлер ашылып, Алакөл демалыс базасына алдын ала жолдама алуға рұқсат беріледі. Ал ертеңнен әуе рейстері мен пойыздарға билет сатыла бастайды. Бірақ Семейде карантинге байланысты шектеулер сақталады. Жалпы, бұған дейін шектеу шаралары 1-ші маусымға дейін созылатыны айтылған. Өскемендік 2 кәсіпкер сол үшін өңірдің бас санитар дәрігерін сотқа да берді.

Берік КӨШЕРБАЙ


Хабарламаларға жазылу