Мұхит түбінен екі дүниежүзілік соғысқа қатысқан кеме табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұхит түбінен екі дүниежүзілік соғысқа қатысқан кеме табылды

14.05.2020
Мұхит түбінен екі дүниежүзілік соғысқа қатысқан кеме табылды

АҚШ зерттеушілері Гавайи аралдарының маңындағы су астынан ХХ-ғасырдағы екі дүниежүзілік соғысқа қатысқан кеме қалдықтарын тапты. «Невада» әскери кемесі 1914 жылы құрастырылған және бірінші дүниежүзілік соғыс соңында АҚШ президенті Вудро Вильсонды Еуропа сапарына апарған кемелердің бірі.

Ал 40-шы жылдары «Невада» екі рет суға батқан дейді тарихшылар. Алғашқысы жапон әскерінің Перл-Харборға шабуылы барысында қатты зақым келіп, су түбіне кеткен. Алайда аз уақыт ішінде қайта қалпына келітірліп, 1944 жылы АҚШ әскерінің Нормандияға жетуіне қызмет еткен.


Соғыс аяқталған соң «Невада» кемесі АҚШ-тың ядролық қару сынайтын нысанына айналған. Нәтижесінде 1948 жылы кезекті сынақ барысында қатты зақымдалып, мұхит түбіне кеткен.

Ocena Infinity


Хабарламаларға жазылу