«Цеснабанк» несиелері неліктен өтелінді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Цеснабанк» несиелері неліктен өтелінді?

19.09.2018

«Цеснабанк» АҚ-нан 450 миллиард теңгені құрайтын ауыл шаруашылық несиелерді Ұлттық Банк неліктен өтеп төлеп алды? Бұл сауалға Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев «Деловой Казахстан» газетіндегі сұхбатта жауап берген. Оның айтуынша, аграрлық сектор үшін валюталық несиелер ауыр салмақ болып отыр. Сондықтан, Үкімет пен Ұлттық банк ауыл шаруашылық саласындағы кәсіпкерлерді қолдау үшін осындай шара қолдануды жөн санаған.

Басты мақсат – бұл саланың қазір қалыптасқан жағдайда дами беруіне мүмкіндік жасап, олқылықтарды жою. Оның ішінде агроөнеркәсіп кешендері кәсіпорындарының борыш міндеттемесін азайтуға үлкен мән берілген.

Ал, «Цеснабанк» «Агробизнес-2020» бағдарламасын іске асырушы басты банк болғандықтан, бұл жерден несие алғандарға көмек көрсетуді жөн көрдік. Сондықтан, Ұлттық банк «Цеснабанк»-тен несиелерді өтеп алу жұмыстарын бастап кетті. «Бұл бірінші кезекте банкке емес, депозит ашып, ақшасын осы банкке сеніп тапсырған салымшыларға жасалған көмек»,- дейді Данияр Ақышев.

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз

Хабарламаларға жазылу