«Астана банкі» АҚ лицензиясы тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана банкі» АҚ лицензиясы тоқтатылды

19.09.2018

Ұлттық банк «Астана банкінің» лицензиясын уақытша тоқтатты. Яғни, банктік операциялар көрсету құқығынан айырды. Мұндай шешім «Банк және банк қызметі туралы» заңға сәйкес қабылданып отыр. «Астана банкі» 1 жылда заңнаманы бірнеше рет бұзып, төлем және ақша аудару операцияларын келісімшартта көрсетілген талаптарға сай орындамаған.

Бүгіннен бастап банктің ғимараттарында Ұлттық банк қаулысының шешімі ілініп тұр. Қазір «Астана банкін» уақытша басқару құзіреті Ұлттық банкке берілген. Тіпті, «Астана банкі» банкрот болуы да мүмкін. Өйткені, заңмен бекітілген мерзім аралығында Ұлттық банк «Астана банкінің» қызметін біржола тоқтату үшін сотқа жүгінбекші. Белгілісі лицензия тоқтатылғандықтан, салымшылардың есеп шоттарына қатысты барлық іс-әрекеттерге де тыйым салынған. 

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу