Мақтааралдықтар үшін Мырзакенттен жаңа шағын аудан салынуда
Үй-жайы топан судың астында қалған мақтааралдықтарға Мырзакент ауылында жаңа шағын аудан салына бастады. Бүгін Қазақстан мен Өзбекстанның Премьер-министрлері құрылыстың іргетасын құйды. Асқар Мамин мен Абдулла Арипов алдымен Мақтаарал ауданының су басқан аумақтарын аралап шығып, Нұрлыжол, Өргебас және Фирдоуси ауылдарында апат салдарын жою жұмыстарымен танысқан. Қазақстан Үкіметінің басшысы жергілікті халықпен кездесуде зардап шеккендерге мемлекет қазынасынан 100 мың теңгеден бөлінетінін айтты.
Президент Twitter-дегі парағында: «Су ресурстарын тиімді әрі әділ пайдалану мәселесі өзбек тарапымен тығыз байланыста шешілетін болады», -деп жазды.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 100 млн теңге көлемінде көмек көрсетіледі
24.09.2026, 23:11
Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері қаза тапқан әскерилердің отбасыларына қаржылай көмек көрсетеді
24.09.2026, 23:10
Құқықтық мәдениет – дамыған өркениет негізі
24.09.2026, 20:31
Азиада: Ел қоржынына 8 жүлде түсті
24.09.2026, 20:30
Алматы облысында суару жүйесі жаңартылады
24.09.2026, 20:26
Абай облысындағы Байбура асуына жылыту бекеті салынды
24.09.2026, 20:24
Петропавлда көпбейінді кешен салынып жатыр
24.09.2026, 20:19
Almaty SuperSki жобасы 2028 жылы іске қосылады
24.09.2026, 20:18