Су тасқынына қатысты ескі видеоларды таратып жүргендер бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су тасқынына қатысты ескі видеоларды таратып жүргендер бар

05.05.2020

Тап осы су тасқыны тақырыбын жалған ақпаратпен одан әрі дүрліктіріп, елді арандатып жатқандар бар.

Видеода Өзбекстан құрылысшылары суды Мақтааралға жіберіп жатқан жоқ. Бұл 3 жыл бұрын түсірілген көрініс. Осылай деп, өзбек блогері Шухрат Мусаев қазақ тілінде «инстаграм» парақшасында түсініктеме берді. Оның айтуынша, видеода Жизақ облысындағы Сырдария суын Қазақстанға Фархат каналы арқылы ағызып, жұмысшылар қуанып тұр. Ал бөгеті қираған Сардоба қоймасы Өзбекстанның Сырдария облысында орналасқан. Тіпті басқа жақта. Яғни видеоның су тасқынына ешқандай қатысы жоқ.

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу